Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Стипендия мөлшері 50%-ға көтерілді": Мемлекет кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін дамытуға басымдық беріп отыр

15:14, 08 қыркүйек 2026

Мемлекет кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін дамытуға басымдық беріп отыр, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.

Үкімет отырысында Премьер-министр техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі жаңа мамандардың еңбек нарығына жылдам әрі бәсекеге қабілетті болып енуін қамтамасыз етуі керек екенін атап өтті.

Мемлекет экономика үшін кадрлар даярлаудың негізгі буыны ретінде кәсіптік және техникалық білім беру жүйесін дамытуға басымдық беріп отыр.

  • биыл колледждерге бюджет есебінен қабылданған студенттер саны 93 мыңнан 145 мың студентке дейін артты;
  • стипендия мөлшері 50%-ға көтерілді;
  • колледжде бір студентті оқытуға жұмсалатын жалпы қаржыландыру көлемі екі есеге өсті;
  • алдағы үш жыл ішінде жатақханаларда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттеріне арнап 7,5 мыңға жуық жаңа орын ашу көзделіп отыр.

Олжас Бектенов бұл жоспар толық көлемде орындалуы тиіс екенін атап өтті.

Үкіметтің мәліметінше, мемлекеттік тапсырысты экономиканың қажеттіліктерін ескере отырып қалыптастыруға да ерекше назар аударылды. 

«Қаржыландыру көлемі колледждердің мүмкіндіктеріне емес, экономиканың кадрларға деген нақты қажеттіліктеріне сай айқындалуы керек. Бұл ретте, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштеріне мониторинг жүргізілуі тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар