Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Елена Рыбакина алғаш рет US Open турнирінің ширек финалына жолдама алды

13:00, 08 қыркүйек 2026

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина теннистен АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан US Open турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Alash.kz.

1/8 финалда Рыбакина Жапония өкілі Наоми Осакомен кездесті.

ҰОҚ мәліметінше, матч екі сетке созылып, 6:1, 6:4 есебімен аяқталды. Осылайша, қазақстандық теннисші мансабында алғаш рет US Open турнирінің ширек финалына шықты.

Рыбакинаның келесі қарсыласы – 2024 жылғы Олимпиада чемпионы Қытай өкілі Чжэн Циньвэнь.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар