Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік апат: Полиция бастығы орынбасарының соты басталды

09:09, 08 қыркүйек 2026

Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы адам өлімімен аяқталған қайғылы жол апатына қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Alash.kz.

Сот айыпталушылар орындығында — Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Ержан Ұзабаевтың жүргізушісі Әсет Жақсылықов. Тергеу нұсқасы бойынша, оған қызметтік әрекетсіздік танытты деген айып тағылып отыр. Осы әрекетсіздіктің салдары Әл-Фараби даңғылында адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасына ұласқан.

Іс материалдарындағы алғашқы жауаптарға сүйенсек, қайғылы оқиға орын алған түнде айыпталушы Жақсылықов пен жол апатына басты кінәлі деп танылған Александр Пак тізгіндеген көліктер бір-бірін кезекпен басып озып, жарысқан.

Сотта куәлік еткен полиция бастығының бұрынғы орынбасары Ержан Ұзабаев сол күні Әсет Жақсылықов өзін қызметтік тапсырмамен алып жүргенін хабарлады. Оның сөзінше, жүргізуші оны үйіне жеткізгеннен кейін қызметтік көлікті автошаруашылық тұрағына апаруы тиіс болған. Сонымен қатар Ұзабаев апатқа себепкер болған Александр Пакпен жеке таныстығы жоғын, оны тек сырттай білетінін жеткізді. Ол өз сөзінде бұрынғы жүргізушісі Әсет Жақсылықовқа оң сипаттама берді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар