Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Нақты сұраныс! Кешенді шаралар қабылданды": Оқу-ағарту министрі маңызды өзгеріс жайлы айтты

14:20, 08 қыркүйек 2026

Қазақстанда техникалық және кәсіби білім беру жүйесін еңбек нарығының нақты сұранысына жауап беретін жаңа модельге көшіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл туралы Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова хабарлады.

Үкіметтің мәліметінше, 2025–2027 жылдарға арналған ТжКБ жүйесін трансформациялау жол картасы шеңберінде жүйені жаңғыртудың негізгі бағыттары бойынша кешенді шаралар қабылданды. Атап айтқанда, білім беру мазмұны жаңартылуда, педагогтердің кәсіби әлеуеті арттырылуда, цифрлық интеграция жүргізілуде, нормативтік база жетілдірілуде.

Жаңа модельдің негізгі міндеті – әрбір жасқа еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіп беріп, әрбір кәсіпорынды қажетті білікті кадрмен қамтамасыз ету. Ендігі кезеңде ТжКБ жүйесін тек маман даярлайтын білім беру жүйесі ретінде емес, экономиканың кадрлық қажеттілігін нақты қамтамасыз ететін негізгі институт ретінде қалыптастыру көзделуде.

Бүгінгі таңда еліміз бойынша 480 колледжде жұмысшы біліктіліктері бойынша кадрлар даярлануда. Жалпы білім алушылар саны — 131 мың студент. Оның басым бөлігі, яғни 103 мыңы (79%-ы) - 9-сынып базасынан кейін оқуға түскен жастар. Биыл жұмысшы мамандықтарына оқуға қабылдау 57,8 мың студентке артты.

Түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіші де едәуір артып отыр. Соның ішінде тігінші мамандығының (79%) және аспаз мамандығының (77%) үлесі анағұрлым жоғары.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар