Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Сөзбен айтып жеткізе алмаймын… Ұмытылмайтын сыйлық»: Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын бөлісті

«Сөзбен айтып жеткізе алмаймын… Ұмытылмайтын сыйлық»: Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын бөлісті

Мексиканың Монтеррей қаласында әлемге танымал әнші, Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген бейнеленген мурал пайда болды, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл - өнер иесіне деген жергілікті халықтың ерекше ықыласы мен шексіз құрметінің белгісі.

Жанкүйерлерінің ыстық ықыласына бөленген Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, ризашылығын білдірді.

«Монтеррей, мені сөзбен айтып жеткізе алмайтындай әсерге бөледіңіздер! 

Осы әсем қаланың көшелерінің бірінде менің бейнем салынған муралды көру — ешқашан ұмытылмайтын сыйлық.

Осындай ерекше ықылас пен ыстық сезімдеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын!

Ал біз өз кезегімізде сіздерге менен және талантты достарымнан ерекше музыкалық сыйлық дайындадық!», – деп жазды Димаш Құдайберген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар