Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сот "Солтүстік Қазақстанды Ресейге қосуға үндеген" ерлі-зайыптыларға үкім оқыды

11:43, 03 тамыз 2022 243
Солтүстік Қазақстан облысында сот "Қазақстанның унитарлығы мен тұтастығын бұзуға үндеген" ерлі-зайыптының әрқайсысын бес жыл түрме жазасына кесті. Бұл жөнінде соттың баспасөз қызметіне сүйенген жергілікті ақпарат агенттіктері мен бірқатар басылымдар жазды.



Ерлі-зайыптыға Қылмыстық кодекстің 180-бап 2-бөлігі бойынша ("Сепаратистік әрекет") айып тағылған. Іс материалдарына қарағанда, айыпталушылар "Солтүстік Қазақстанның кімге тиесілі екені" жайлы дауласқан. Ресейлік "Россия сегодня" ақпарат агенттігінің Қазақстандағы өкілдігі – Sputnik Қазақстанның хабарлауынша, ерлі-зайыптылар "Солтүстік Қазақстанды Ресейге қосуға үндеген".

"2022 жылдың 11 желтоқсанында ерлі-зайыпты екі адам телекоммуникация құралдарын пайдалана отырып, "Чат Рулетка" қосымшасындағы айтқандары Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға үндейтінін және айналаға теріс әсер ете алатындығын біле отырып, өзге адамға әлеуметтік тұрғыда қауіпті сөзді ашық айтқан" деп жазылған сот хабарламасында.

Ақпаратқа қарағанда, ерлі-зайыптылап айыпты мойындамаған. Қазақстанның қылмыс заңнамасында сепаратистік әрекетке 5-10 жыл түрме жазасы қарастырылған. Прокурор айыпталушыларға ең аз жаза сұраған.

Соттың хабарлауынша, іс бойынша жағдайды ауырлататын немесе жұмсартатын жайттар анықталмаған. Сот экстремистік сипаттағы қылмысқа шартты жаза тағайындалмайтынын да ескерткен. Ерлі-зайыптылар қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтейді.

3 тамызда Азаттық Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіне хабарласқанмен жауап ала алмады.



 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар