Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шұғыл: АҚШ-та Жәнібек Әлімханұлының «қауіпті боксшы» екені туралы ақпарат жарияланды

10:28, 15 қараша 2025 45

АҚШ-та Premier Boxing Champions франшизасының Х әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында Жәнібек Әлімханұлы туралы жазба жарияланды. Онда қазақ боксшысының әлеуетіне жоғары баға беріліп, оның үш титулға иелік ету мүмкіндігі туралы айтылған,-деп хабарлайды Alash.kz порталы 1Бол!-ға сілтеме жасап. 

Бұл ретте отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы өзіне тиесілі IBF және WBO белбеулерін бәске тігіп, Лараның WBA титулын иеленуді көздеп отыр.

«Қазақ стилімен» жұдырықтасу қалай болады? Оның бет-әлпеті бәрін өзі жағдайдың бәрін айтып тұр. Жәнібек 6 желтоқсанда орта салмақтағы WBA, WBO және IBF әлем чемпиондық титулдары үшін өтетін біріккен жекпе-жекте Ларамен кездеседі», - деп жазылған Premier Boxing Champions парақшасында.

Аталған жазбамен бірге Жәнібек Әлімханұлының нокаут жасаған сәтінің бейнежазбасы жарияланған.

Желтоқсан айының 6-ы күні Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласында өтеді. Аталған айқас Қазақстан уақытымен 7 желтоқсан күні таңғы уақытта болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар