АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы соғыстың жақын арада аяқталатынына сенімді екенін тағы да мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.
«Мен бұл соғыстың аяқталатынына сенемін. Ол жақын арада аяқталады. Бұл соғыстың аяқталуына себепкер болатын жалғыз адам – менмін. Меніңше, біз бұл мәселені соңына дейін жеткіземіз. Барлығы ойдағыдай болады», – деді Дональд Трамп CBS News телеарнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф 10-11 қараша күндері Абу-Дабиде өтетін келіссөздерде тараптар қауіпсіздік кепілдіктерін, шиеленісті бәсеңдету жолдарын, гуманитарлық мәселелерді және бейбітшілікке қол жеткізуге бағытталған алдағы қадамдарды талқылайтынын хабарлаған еді.
Өз кезегінде Ресей тарапы келіссөздерге қатысатынын растады. Делегацияны Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский басқарады.