Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Себебін іздей бастадық… Сенімді біртіндеп, жоғалтып аламыз…»: Динара Сәтжан күтпеген мәлімдеме жасады

15:00, 09 шілде 2026

Танымал тележүргізуші әрі продюсер Динара Сәтжан әлеуметтік желідегі жеке парақшасында өзіне деген сенімділікті арттыру, жеке брендті дамыту және айналадағы адамдардың пікіріне тәуелді болмау тақырыбында маңызды ой бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz. 

Тележүргізушінің пайымдауынша, қоғамда көптеген жандар айналасындағылардың сынынан қорыққандықтан, өз жетістіктерін көрсетуге немесе жаңа істі бастауға батылы бармай жатады. Ол өз жазбасында адамдардың жасы ұлғайған сайын тәжірибе мен тұрмыстың әсерінен өзіне деген сенімді жоғалтып алатынын атап өтті. Бұл ретте продюсер:

«Жас ұлғайған сайын, өмірлік жағдайлар, тұрмыс пен көп жылғы тәжірибе әсерінен біз өзімізге деген сенімді біртіндеп жоғалтып аламыз. Бізге біреу қанатымызды қиып тастағандай көрінеді. Көпшілігіміз өзіміздің жетістіктеріміз, табыстарымыз және жылдар бойы жинаған кәсіби тәжірибеміз туралы ашық айту үшін өзгеден рұқсат күткендей боламыз. Мен әлдеқашан бір нәрсені түсіндім. Жеке бренд ең алдымен өзіңді мойындаудан басталады. Мен кіммін? Менің артымда көп жылғы тәжірибе бар. Менің жанымда адамдар бар. Мен сол тәжірибеммен бөлісуге дайынмын», — деп ағынан жарылды.

Тележүргізушінің бұл мәселені көтеруіне өз шеберлік сабақтарының бірінде болған оқиға түрткі болған екен. Оқу курсына қатысқан ағылшын тілі пәнінің мұғалімі елордада өз мектебін ашып, әлеуметтік желіні белсенді жүргізгісі келетінін, бірақ туған ауылындағы сыныптастары мен көршілерінің сөзінен именедінін жеткізген.

Осы оқиғаны еске алған Динара Сәтжан қатысушыға берген кеңесін де тілге тиек етті. Ол:

«Бірде менің шеберлік сабағымда ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Астанада өз мектебін ашқысы келетінін, әлеуметтік желіні белсенді жүргізуді жоспарлағанын, бірақ оған бір нәрсе кедергі болып жүргенін айтты. Біз бірге оның себебін іздей бастадық. Сөйтсек, оны ең қатты мазалаған нәрсе туған ауылындағы сыныптастары мен көршілері не айтады деген ой екен. Сонда мен оған: «Сенің бар екеніңді олар әлдеқашан ұмытып кеткен. Адамдардың өз шаруасы бастан асады», – дедім», — деп жазды.

Продюсердің пікірінше, адам баласы өзгелердің беретін бағасына жалтақтауды қойған сәтте ғана өз мақсаттарына нық қадам баса алады. Сондай-ақ ол әр адамның жеке жетістігі айналасындағы өзге жандар үшін үлкен мотивация мен шабыт көзі болатынына сенімді.

Бизнесвумен өз сөзін оқырмандарына ой тастайтын сұрақпен қорытындылады. Ол:

«Ал сіз қашан өзіңіз туралы өзгелер не ойлайды деп уайымдауды қоясыз? Сол сәтте армандарыңыздың соңынан ере бастайсыз. Сеніңіз, сіздің жетістігіңіз өзгелерге да шабыт береді. Сіз олардың мотивациясына айналасыз», — деген пікір білдірді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар