Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Саяси себептерге байланысты жұмыстан шығарып жіберді - Мағжан Жұмабайдың Сәбит Мұқанұлына жазған хаты

23:21, 16 тамыз 2024 362

Құрметті жолдасым, Сәбит. Сіз менің Петропавловскідегі орыс мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп жүргенімнен хабардар боларсыз. Январьдың басында мені қызметімнен босату туралы мәселе қозғалғанымен де біраз уақытқа басылып қалған еді. Бірақ, январьдың соңында бұл жай тағы әңгіме болды да, мені жұ­мыстан шығарып жіберді. Не себепті босатылғанымды сұрасам, қалалық оқу ісінің меңгерушісі жалпы саяси себептерге бай­ланыс­ты дегенді айтты.

Міне, 20 шақты күн болды, жұмыссыз отырмын. Декабрьде көркем әдебиеттердің қазақ баспасымен Толстойдың "І Петр", Некрасов­тың "Декабристерін" аударуға келісімшартқа отырған едім. Содан бері одан да хабар жоқ. Ол жақтан мен өте қиын халде оралдым. Әсіресе, жұмыссыздығым жаныма жаман батады.

Мен Қазақстанға жаңа жолға түскенім­ді өзімнің қалам ұшыммен көрсет­сем деген жалғыз тілекпен оралдым. Қалай болғанда да орталыққа жетуім керек деп шештім. Егер жолға қаражат тапсам, орталыққа баруды ойлап отырмын. Әрине, өз халімнің мүшкілдігін айта оты­рып, Сізді де бірдемеге міндет­те­гім келмейді. Сізге осылай жазу­ға қазіргі халім итермелеп отыр. Кешіріңіз. Бұл хатты қыдырып келген туыстарым жақтан, "Сте­пняк­тан" жазып отырмын. Төрт-бес күннен соң қай­тамын.

Құр­мет­пен, Мағжан.

20 февраль, 1937 жыл.

Alash.kz ұлттық порталы

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар