Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Сақ, скиф, номад” сөздері жабайы, кезбе халық деген мағынаны береді - ҒАЛЫМ

14:28, 22 маусым 2024 1598

Белгілі түріктанушы ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы «номад» деген атаудың жақсы мағына бермейтінін айтады,деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы sadaqmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бізді ғасырлар бойы көшпелі халықсыңдар деп келді. «Номадсыңдар» деді. Шын мәнінде, номад деп ештеңе де өндірмейтін, кезбе халықты айтады. Мысалы қазіргі қайыр сұрап қаңғып жүрген сығандар номад болып есептеледі.

Біз сол «номад» дегенге мәз боламыз. Мейрамхана, қонаүйімізге атын қойып даурығамыз. «Номад» деген керемет сөз екен деп, ұлықтап, істемегенді істеп, мәз болып жүрміз. 

Номад кезбе, тұрақты мекені жоқ, бейшара халық деген сөз, Осыны 15-20 қабат қонақ үй соғып, төбесіне апарып іліп қойдық. Мен номадпын деп кеуде қағып жүрміз. Бұл ұят тірлік. 

Бірнеше рет жаздым осы туралы. Ешкім қыңқ етпеді»,- дейді ғалым.

Сондай-ақ ол «скиф», «сақ» деген атаудың да жақсы емес екенін айтады. Бұл сөздердің түпкі мағынасы да жабайы дегенді білдіреді.

«Қытайдың жазба деректеріндегі бізге қатысты "гуй фан", "туй фаню и", "хуни", "куни", "жун", "дун и" деген сөздердің барлығының мағынасы жабайы, ақымақ, қанішер, жыртқыш аң дегенді білдірген. Өңкей кемсіткен атаулар»,- дейді Қаржаубай Сартқожаұлы.  

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар