Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

645 млн: Қазақстаннан заңсыз ақша шығарғысы келгендер ұсталды

11:21, 11 тамыз 2026

Қазақстаннан 10 күнде 645 млн теңгеден астам қолма-қол ақша заңсыз шығарылмақ болған, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі тамыздың алғашқы 10 күнінде елден қолма-қол ақша заңсыз шығаруға жасалған 70 әрекетті анықтады. Декларацияланбаған қаражаттың жалпы сомасы 645 миллион теңгеден асты.

ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, 1-10 тамыз аралығында мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде қолма-қол ақшаны заңсыз алып шығуға бағытталған 70 әрекет тіркелген.

Тексеру барысында жалпы сомасы 645 миллион теңгеден асатын декларацияланбаған ақша анықталған. Оның ішінде шетел валютасы да болған.

Шекара қызметі Қазақстан заңнамасына сәйкес елден 10 мың АҚШ долларынан асатын қолма-қол ақшаны белгіленген талаптарды сақтамай алып шығуға тыйым салынатынын еске салды.

Анықталған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар