Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы сүт фермасында алты жұмысшы ажал құшқан қайғылы оқиғадан соң облыстық мәслихат депутаты Александр Терентьев ұсталды, деп хабарлайды Alash.kz.
Оқиға үстіміздегі жылдың 20 шілдесінде Жоламан ауылында орналасқан «Aqtogai Milk» ЖШС-нің аумағында орын алған. Алдын ала тараған мәліметтерге сүйенсек, жұмысшылар кәріз құдығындағы электр сорғысының ақауын жою барысында қайғылы жағдайға тап болған. Оқиға салдарынан алты адам қаза тапты, олардың қатарында 17 жастағы мектеп оқушысы да бар. Тағы бір қызметкер аман қалып, көмірқұшық газынан улану диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Кейін белгілі болғандай, көз жұмған жасөспірім мекемеде ресми түрде бағбан болып еңбек еткен және оның бұл жұмыстар жүргізіліп жатқан аймақта болуы тиіс емес еді.
Қазіргі таңда осы іске қатысты үш күдікті құрықталды. Олардың арасында кәсіпорынның иесі, сондай-ақ облыстық мәслихаттағы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Александр Терентьев бар. Полиция департаментінің хабарлауынша, ұсталған үш азамат та уақытша ұстау изоляторына қамалды.