Дамаск соты Сирияның бұрынғы президенті Башар Асадты адамзатқа қарсы және әскери қылмыстары үшін сырттай өлім жазасына кесті, деп хабарлайды Alash.kz.
Аталған үкім елде 14 жылға созылған азаматтық соғыс кезінде орын алған ауыр қылмыстарға байланысты шығарылды. Сұрапыл қақтығыстар салдарынан жарты миллионға жуық адам ажал құшып, миллиондаған тұрғын туған жерін тастап босып кетуге мәжбүр болған еді. Сот Экс-президентті бейбіт тұрғындарды, соның ішінде жас балаларды қасақана өтіру, тұтқындарды азаптау, заңсыз ұстау және адамзатқа қарсы өзге де заңсыздықтар бойынша кінәлі деп тапты. Сонымен бірге сот процесінде Асадтың бұл қылмыстарды жүзеге асыру үшін мемлекеттік билік органдары мен құрылымдарын тікелей пайдаланғаны атап өтілді.
Бұдан бөлек, экс-президенттің туған бауыры Махер Асадқа, бөлесі Атеф Наджибке және бұрынғы жоғары лауазымды бірнеше күштік құрылым жетекшілеріне де өлім жазасы кесілді. Сот отырысы Башар Асадтың өзінсіз, сырттай жүргізілді. Еске сала кетейік, 2024 жылдың желтоқсанында өз режимі толықтай құлағаннан кейін ол Ресейге қашып кеткен болатын.