Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ираннан қастандық қаупі төнген»: Трамп неге жасырын түрде әрекет етті?

21:01, 11 тамыз 2026

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран тарапынан төнген қастандық қаупіне байланысты Анкарадағы НАТО саммитінен жасырын түрде ұшағын ауыстырып ұшып кетті, деп хабарлайды Alash.kz.

Washington Post басылымы үкіметтегі дереккөзге сілтеме жасай отырып, америкалық лидердің әдеттегідей әуелі президенттік Air Force One бортына көтерілгенін, бірақ содан кейін бірден кейтеринг контейнеріне өткенін жазды. Ішінде Трамп бар бұл контейнерді арнайы жүк көлігі C-32A үлгісіндегі шағын ұшаққа жеткізіп, мемлекет басшысы сонымен ұшып кеткен. Ал БАҚ өкілдері мен тіпті Air Force One бортында болған шенеуніктердің біразы Трампты әлі де өздерімен бірге келе жатыр деп ойлап қалған.

Басылымның хабарлауынша, бұл құпия операцияның жүргізілуіне Иран тарапынан төнген тікелей қастандық қаупі себеп болған.

Журналистердің осы оқиғаға қатысты сауалына Ақ үйдің коммуникациялар жөніндегі директоры Стив Чун: «Президент жақында түсіндіргендей, Америкада оны нысанаға алған жаулар өте көп. Біз бұл қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін қолымызда барлық мүмкіндіктерді пайдаланамыз», – деп жауап берді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар