Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жантүршігерлік жол апаты орын алды: Қаза тапқандар мен ауыр жарақат алғандар бар

10:33, 11 тамыз 2026

Астана – Петропавл тасжолында жол апатынан бір адам қаза тауып, сегізі жарақат алды, деп хабарлайды ALASH.KZ.

10 тамызда Астана – Петропавл тасжолының 97-шақырымында Mercedes-Benz Sprinter және ГАЗ-53 көліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды.

Апат салдарынан Mercedes-Benz Sprinter көлігінің бір жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.

Сонымен қатар осы көліктегі жеті жолаушы және ГАЗ-53 көлігінің бір жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауға және жолда барынша мұқият болуға шақырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар