Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ең үздік көрсеткіш": 15 жастағы қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында 5 алтын алды

09:08, 11 тамыз 2026

Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында 15 жастағы Снежана Қашқарова 5 алтын медаль жеңіп алды, деп жазады Alash.kz.

ҚР Ауыр атлетика федерациясының мәліметінше, Өзбекстандағы додада Снежана Қашқарова ерекше көзге түскен.

15 жастағы спортшы сәтті өнер көрсетіп, Азияның 3 және әлемнің 3 рекордын жаңартқан:

  • 88 кг – жұлқа көтеруде;
  • 112 кг – серпе көтеруде;
  • 200 кг – қос сайыс нәтижесінде.

Бұл нәтиже жарыстағы ең үздік көрсеткіш болған.

"Снежана 57 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, 5 алтын медаль иеленді. Ол 17 жасқа дейінгі және 20 жасқа дейінгі қыздар арасында Азия құрлығының абсолютті чемпионы атанды!"- делінген хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар