Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сұмдық жағдай: Жерде жатқан қорапты көтерген ер адамның қол-аяғы жұлынып, өте ауыр халде жатыр

08:00, 11 тамыз 2026

Орманда шырын қорабын көтерген ер адамның екі аяғы мен қолы жұлынып кетті, деп хабарлайды ALASH.KZ.

Ресейдің Курск облысында 54 жастағы ер адам орман алқабынан табылған шырын қорабын көтермек болған кезде жарылыс болып, ауыр жарақат алды.

Оқиға Глушков ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам орман жиегінде жатқан шырын қорабын байқап, оны қолына алған. Сол сәтте қорап жарылып кеткен.

Жарылыс салдарынан ер адамның екі аяғы мен сол қолы үзіліп кеткен. Оған оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.

Курск облысының губернаторы Александр Хинштейннің мәліметінше, зардап шеккен адамның жағдайы ауыр.

Оны әрі қарай емдеу үшін жақын уақытта Курск қаласына эвакуациялау жоспарланып отыр.

Жарылысқа не себеп болғаны және қораптың ішіне жарылғыш заттың қалай түскені әзірге белгісіз. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар