Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресей Украина жерінде "референдум" өткізсе, келіссөз есігін біржола жабады

08:14, 08 тамыз 2022 279
Украина президенті Владимир Зеленский дәстүрлі кешкі үндеуінде "басып алған жерлерінде Ресей "референдум" өткізетін болса, Украинамен келіссөз есігін біржола жабады" деп мәлімдеді.



Украина президентінің ойынша, "белгілі бір сәттерде Ресейге келіссөз керек болады".

Украина жерінде соғыс басталғалы Ресей мен Украина билігі арасында ұрыс қимылдарын тоқтату мақсатында бірнеше рет келіссөз өтіп, нәтижесіз аяқталған.

Украина соғысты тоқтату үшін Ресей әскері 24 ақпандағы шебіне қайту керек деген шарт қойып отыр. Ресей кейбір басып алға жерінен ешқашан кетпейтінін айтады.

Ақпан айынан бері Ресей Украинаның Луганск облысын толығымен, Донецк, Херсон, Запорожье облыстарының елеулі бөлігін басып алған. Басып алған жердегі басқыншы үкімет Ресейге қосылу жөнінде референдумға дайындық жүріп жатқанын бірнеше рет мәлімдеген. Ресей бұл жөнінде нақты айтпағанымен, кейбір мәліметтерге қарағанда қыркүйекте өткізуді жоспарлап отырғанға ұқсайды.


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар