Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қыздарым “сүмірейіп барғым келмейді, бізде де намыс бар” деді…»: Алтынай Жорабаева экс-күйеуі туралы ел естімеген жайтты айтты (ВИДЕО)

14:53, 04 тамыз 2026

Белгілі әнші Алтынай Жорабаева бұрынғы күйеуі Сәбит Әбдіхалықовтың қыздарымен қарым-қатынасы хақында ашық айтып, ой бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесіне қыздарының ұзату тойында Сәбит Әбдіхалықовтың бой көрсетер-көрсетпесі туралы сауал қойылған болатын. Алтынай Жорабаева экс-күйеуінің бұл қуанышта болмайтынын ашып айтты.

«Тойда бой көрсетпейді. Басында қыздар біраз барып, жағдайын сұрап жүрді. Енді ол өзі сұрамаса оған қайта-қайта барудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Жағдай сұрамағаннан кейін не істейміз оны? Одан кейін мен жолдасыма күйеуге шығып кеткеннен кейін тіпті әкелік махаббатты жақсы бергені соншалық қыздардың өзі бір жылға жетпей сізді «папа» деп айтсақ бола ма, деп жылатқан. Жамандағаным емес, бірақ шынымен әке мейірімін сізден көріп отырмыз, деді. Содан кейін мен балаларыма не істеу керегін айтпаймын. Өзі іздемесе, көмектеспесе, жағдайын сұрамаса, біз оған жалына бермейміз. Сәбит неге келмейді, деген сұрақтар болып жатыр. Мен айтамын: бәрін Әлішердің өзі жасап жатырғанда биологиялық әкесі екен деп төріме, Әлішердің дастарханына отырғызып қоймаймын ғой. Әлішердің сезімі маған маңызды, басқа ешкімнің сезімі маған маңызды емес».

Сонымен қатар эстрада жұлдызы қазіргі жолдасы Әлішердің перзенттеріне қамқор болып, шынайы әкелік мейірім төккенін тебірене жеткізді.

Ол: «Егер өзі хабарласып, балаларына қамқорлық көрсетіп мен араластырмай қойсам, онда ақымақтық болар еді. Менде ондай жоқ. Қыздар: өзі бізге жақындамаса, бізден қандай мейірім күтеді, дейді. Аман болсын, өзімен өзі бақытты болсын деңдер деп тілеңдер деймін қыздарыма. Ол үйленгенде дәретімді алып, намазымды оқып, бақыт тілеп, дұға жасап, құрбан, садақамды берген адаммын. Ренжімеу керек. Сондай өмірден өтпегенде Әлішерді бағаламас едім. Бәріне ризамын сол үшін.», – деп еске алды.

Оның сөзінше, бүгінде бойжеткен қыздары әр шешімді өздері дербес қабылдайды, ал өзі олардың қарым-қатынасына мүлде килікпейді.

Жұбайы Әлішердің барлық жауапкершілікті арқалап жүргенін алға тартқан ол оның көңіл-күйі мен сезімі өзі үшін ең басты орында екенін атап өтті.

Әнші: «Әлішер барлығын жасап, қанатына алып жүргенде, тек биологиялық әкесі деп төрге шығарып қоя алмаймын. Маған Әлішердің сезімі маңызды. Басқа ешкімнің сезімі маңызды емес», – деп ағынан жарылды.

Сонымен бірге Алтынай Жорабаева қыздарының кейде туған әкесіне реніш білдіретінін де жасырмады.

Эстрада жұлдызы: «Әр нәрсенің қайыры бар. Оған ренжімеймін, төрт қыз тудым. Қыздар өздері қалап тұрған жоқпын. Барыңдар дегенімде маған қатты ренжіген. Бізді ол жаққа неге тыға бересіз, папамның көңілі маңызды емес пе деген. Құшағын жайып қарсы алмағаннан кейін сүмірейіп барғым келмейді, бізде де намыс бар деп қыздарым айтқанда қатты ұялып қалдым», – деп сөзін қорытындылады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар