АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон мен Киев арасында Украинаның сирек жер металдарына қатысты жасалған келісім жөнінде мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz.
Дональд Трамп Real America’s Voice телеарнасына берген сұхбатында АҚШ-тың Украинадағы табиғи ресурстарға кең көлемде қол жеткізу мүмкіндігі бар екенін айтты.
«Украина – өте бай ел. Онда сирек жер металдарының мол қоры бар. Біз сирек жер металдары жөніндегі келісімге қол қойдық. Біз ол жерге кез келген уақытта барып, қалағанымыздың барлығын дерлік ала аламыз. Бұл өте тиімді келісім болды», – деді АҚШ президенті Дональд Трамп.