"1986-Ақиқат/Бейбітшілік" тақырыбындағы фотосессия әлеуметтік желіде кеңінен тарады.
Осы кездің өзінде арқалы ақынның фотолары 20 мыңға жуық лүпіл жинап үлгерген.
– Тірі аңыз! Өте керемет туынды! Тек қана мына суреттердің өзінде де қаншама терең мағына, жанарында қаншама уайым-қайғы жатыр…
Атамызда, мына ғажап суреттер де тарихта ойып тұрып орын алатыны сөзсіз. Көзі тірісінде керемет кино түсірілсе мүлдем басқаша деңгей болайын деп тұр. Зиялыларымыздың тірі кезінде бағалайық! – деп жазып жатыр оқырмандар.
Кейбір оқырмандар:
Бұқар жырау патшаға шындық айтқаны үшін өмірінің соңына дейін кедей болыпты дейді кейбір тарихшылар. Дәл сол саясатты Мұхтар ағамызға қайталап отырған тәрізді маған. Бір құрмет көрсетпейді, не үйі жоқ, осы кісіге мемлекеттен еш құрмет көрсеткенін байқамаппын" деп жазып жатыр.
Сондай-ақ, желі қолданушыларының бірі тұлғаның жүріп өткен жолына, ерліктеріне тоқталса, кейбірі шығармашылығынан сыр шертіп, сауатты да сапалы пікірін қалдыруда.