Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қуанышымды жасыруға шамам келмеді": Ринат Зайыт ел асыға күткен жаңалығын айтты (ФОТО)

16:30, 29 қазан 2025 455

Бүгін Мәжіліс қабырғасында Қазақстан Республикасының "Бала құқықтары туралы" заңына аса маңызды өзгеріс енгізілді. Бұл туралы Мәжіліс депутат Ринат Зайыт хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Жаңа түзетулерге сәйкес, балалар мен жасөспірімдерге дәстүрлі емес жыныстық бағдарды, педофилияны насихаттайтын немесе оған оң көзқарас қалыптастыруға бағытталған кез келген әрекет заңмен қудаланатын болды.

"Бүгін мәжіліс қабырғасында Қазақстан республикасының бала құқықтары туралы заңына өте маңызды өзгеріс енгізілді. Жалпы мағынасы мынадай мәтінде: Балалар мен жасөспірімдерге арнап дәстүрлі емес жыныстық бағдарды, педофилияны насихаттайтын, оған бейімділік туралы оң пікір қалыптастыру мақсатында көпшілік алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникация, масс медиа, әлеуметтік желі құралдарын пайдаланып насихаттау заңмен қудаланады!

Менің ойымша, ұрпақ алдында ұялмайтын норма. Қуанышымды жасыруға шамам келмеді. Сондықтан сіздерге хабарлап отырмын ағайын. Сіздер де қуанышты деп ойлаймын", – деп жазды Ринат Зайыт.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар