Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қорғаныс министрлігі қауырт үндеу жасады

12:00, 23 қараша 2024 652

Қорғаныс министрілігі арнайы жазба жолдап, елорда тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Қорғаныс министрлігі тарапынан жолданған ақпарға сәйкес, 2024 жылдың 23-24 қараша күндері Астанада Қазақстан Қарулы күштері авиациясының жоспарлы іс-шаралары өтеді.

"Аталған іс-шара арнайы түтінді пайдалану арқылы Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу ұшулары шеңберінде өткізілмек. Авиацияның ұшуы қауіпсіз биіктікте өтетіндіктен, қала өмірінің әдепкі қалпын бұзбайды.

Іс-шара ұшу қауіпсіздігі шараларына сәйкес ұйымдастырылатындықтан, тұрғындарға ешқандай қауіп төндірмейді. Қолданылатын түрлі-түсті түтіндердің экологиялық зияны жоқ", - делінген хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар