Қаржы мониторингі агенттігі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бұрынғы басқарушы директоры Ибулла Сердіге іздеу жариялады.
Ведомствоның мәліметінше, Серді алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамдар жасаған аса ірі көлемде сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жымқырды деген күдікке ілінген.
«Іздеудегі адамды анықтау немесе оның болуы мүмкін екендігі туралы ақпаратты алу кезінде агенттіктің +7 7172 708 478, +7 7172 767 921 сенім телефондарына немесе Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10 мекенжайы бойынша хабарласуыңызды сұраймыз» делінген хабарламада.
Ведомствода іздеуде жүрген адамның жүрген жері туралы шынайы ақпарат бергені үшін ақшалай сыйақы қарастырылғанын, аты-жөнін жасыруға кепілдік берілетінін қосты.
Дереккөз