Актер, шоумен Бақыт Тушаев Үржар ауданындағы әуежайдың жағдайын көрсетіп, жұртты шошытты. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп хабарлайды.
Өнер иесі Ұржар ауданына тойға бару мақсатымен ұшқан:
“Үржарға тойға барып келдім. Тоғыз жолдың торабы Үржардың өзі Алакөлмен жалғасып туризмге сұранып тұр. Шағын болса да әуежайын дұрыстап туристер үшін сервисті жандандырып қоюға болады. Алакөлге алыс-жақын шетелден халық ағылып келер еді. Ішкі рейстерге деген қарым-қатынасын көріп отырсыздар. “Қазақтарға осы да жарай береді” дегендей. 1 сағат ұшып, 10 жылға қартайып кеттім. Қайтарда ұшаққа отыруға жүрегім шыдамады. Такси жалдап қайттым. Бірақ жолы керемет тақтайдай төселген. Алакөлді брендке айналдырамыз десек, Үржарға көңіл бөлейік. Үржар – туризм қақпасы”, – деп жазды актер.