Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанға танымал продюсер мен актриса ажырасқанын мәлімдеді

11:06, 17 наурыз 2025 236

Режиссер Қуаныш Бейсек пен актриса Газиза-Таншолпан Тлеубай ресми түрде ажырасқанын жариялады, деп хабарлайды Alash.kz Tengri Life сайтына сілтеме жасап.

Олардың ажырасуы туралы ақпарат Қуаныштың Instagram-сторисінен белгілі болды.

“@qazizaaz екеуміз бұл туралы бірге хабарлағымыз келеді: біз енді ерлі-зайыпты емеспіз. Дегенмен біз жақсы дос болып қаламыз және қызымыздың ата-анасы ретінде бірге боламыз”, – деп жазды режиссер.

Газиза да бұрынғы күйеуінің жазбасын бөлісіп, оған былай деп қосты:

“Баршаңызға қайырлы түн! Осы мүмкіндікті пайдаланып (және кенеттен жарияланған сторис арқасында), біздің парақшаларымызға жазылуларыңызды сұраймыз”.

Қуаныш пен Газизаның бұл жазбалары оқырмандар арасында қызу пікірталас тудырды. Көпшілік олардың ажырасқанына өкініш білдіргенімен, балалары үшін достық қарым-қатынасты сақтап қалу туралы шешімін қолдады.

Қазіргі таңда ажырасудың нақты себебі белгісіз. Қуаныш та, Газиза да бұл туралы қосымша түсініктеме берген жоқ.

Айта кетейік, 2023 жылдың сәуір айында режиссер Қуаныш Бейсек танымал актриса Газиза-Таншолпан Тлеубаймен отбасын құрған болатын. Актриса қазақстандық көрермендерге бірнеше тележобалар арқылы танымал.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар