Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанды-Қазақия, астананы-Алаш Орда деп өзгертеміз

11:41, 16 мамыр 2022 263
 



Болат Әбіловтың «Біздің таңдау» партиясы елдің атын Қазақия, ал астананы Алаш Орда деп өзгертуге ниетті.

Мұндай ұсыныс партияның сайлауалды бағдарламасында жарияланған. Құжатта еліміздің тарихи атауын қалпына келтіру керектігі айтылған.
«Бұл демократиялық Қазақ Республикасының прототипі Алаш Орданың негізін қалаушылар алдындағы біздің моральдық жауапкершілігіміз» делінген мәтінде.

Бағдарламада елорда бұдан былай «жемқорлық пен өз халқына қарсы қуғын-сүргінмен байланысты» тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталмауы керектігі баса айтылған.
«Тұлғаға табынушылықты жоққа шығару толық және түпкілікті болуы керек. Сондықтан біз ел мен астананың атын өзгерту бойынша референдум өткізуге бастамашылық жасамақпыз» деп уәде берді саясаткер.

Еске салсақ, 16 мамырда Болат Әбілов «Біздің таңдау» атты жаңа саяси партия құрылатынын мәлімдеген.







Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар