Қазақстан құрамасы конькимен жүгіруден Канаданың Квебек қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының алғашқы кезеңінде екі жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Alash.kz.
ҰОК мәліметінше, отандастарымыз нео-сеньорлар санатында командалық із кесу жарысында жеңіс тұғырынан көрінді.
Ерлер арасындағы бәсекеде Абылайхан Қайырғазы, Азамат Сатқожа және Руслан Жанаділов күміс медаль жеңіп алды.
Ал әйелдер арасында Анастасия Беловодова, Айзада Рымбек және Алена Лифатова қола жүлдеге қол жеткізді.