Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасында нысана көздеуден Әлем кубогы кезеңінде үш алтын медаль жеңіп алды

10:16, 01 мамыр 2026

Каирде (Мысыр) жасөспірімдер арасында нысана көздеуден Әлем кубогының кезеңі аяқталды. Әлемдік додада Қазақстан құрамасы үш алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Олег Носков турнирдің екі дүркін жеңімпазы атанды. Ол 50 метр қашықтықта мылтықпен жатып атудан алтын медаль иеленді.

Сондай-ақ Носков 50 метр қашықтықта мылтықпен үш қалыптан ату сайысында да үздік нәтиже көрсетті.

Ал Кирилл Цуканов 25 метр қашықтықта тапаншамен атудан бірінші орын алды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар