“Қайрат” футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатыспайтын болды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
"Дастан Сәтпаев Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатыспайды.
Медициналық көрсеткіштерге байланысты "Қайрат" шабуылшысы емін Қатарда жалғастырады, содан кейін Алматыда командаға қосылады", - делінген хабарламада.