Елдос Сағиев Шымкент қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
“Мемлекет басшысының келісімімен және Бас Прокурордың бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Елдос Әлиханұлы Сағиев Шымкент қаласының прокуроры лауазымына тағайындалды”,- делінген хабарламада.
Елдос Сағиев Прокуратура органдарындағы қызметін Ақмола облысы Шучинск ауданы прокурорының көмекшісі ретінде бастаған.
Әр жылдары Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Қостанай және Маңғыстау облыстары бойынша департаменттерінде, Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
2022 жылғы тамыздан Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау қызметінің бастығы болды.
Қызметтегі жоғары жетістіктері үшін «Ерлігі үшін» медалімен, ІІ дәрежелі «Айбын» және ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен наградталған.