Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаеваның қазіргі жағдайы белгілі болды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Белгілі болғандай, Сара Назарбаева Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінен шығарылды.
Медициналық мекеменің хабарлауынша, Сара Назарбаева емдеу курсынан толық өтіп, 2026 жылдың қаңтар айында дәрігерлердің амбулаторлық бақылауына жіберілген.
“Қазақстан Республикасының “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” кодексінің 273-бабына сәйкес, денсаулық жағдайы, диагнозы, емдеу әдістері мен нәтижелері туралы өзге ақпарат дәрігерлік құпияға жатады және жария етілмейді”, – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Сара Назарбаеваның ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпарат 2025 жылғы 5 мамырда тараған еді.