Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Көпұлтты аудитория табуыма септігін тигізген елге алғысым шексіз!»: Нұрлан Сабуров мәлімдеме жасады (ФОТО)

23:01, 08 ақпан 2026

Танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров Ресей Федерациясына кіруге тыйым салынуына байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz. 

Өнер иесі өз жазбасында кәсіби тұрғыда қалыптасқан еліне ризашылығын білдіріп, шығармашылық жолының маңызды кезеңдерін атап өтті. Өзінің кәсіби қызметі мен Ресейдегі тәжірибесі туралы Нұрлан Сабыров былай деп жазды:

«Келесіні айтқым келеді: менің стендап-комик ретіндегі жолым осыдан 15 жыл бұрын Екатеринбургте басталып, кейін Мәскеуде жалғасты. Осы жылдар ішінде Ресейдің көптеген қалаларында болдым, кейбіріне бірнеше мәрте бардым. Барлық жерде мені достық ниетпен, жылы қарсы алды. Шығармашылық тұрғыдан дамуыма мүмкіндік берген, артист ретінде қалыптасуыма жағдай жасаған және Ресейде де, одан тыс жерлерде де көпұлтты үлкен аудитория табуыма септігін тигізген елге алғысым шексіз. Рақмет сіздерге».

Сонымен қатар артист туындаған құқықтық мәселені шешу үшін заңгерлердің көмегіне жүгінетінін хабарлады. Стендап комик өзі туралы жарыса жазып жатқан БАҚ өкілдерінен отбасы мен жақындарына сыйластық танытуды сұрады. Қазіргі уақытта комикке қатысты енгізілген шектеулердің заңдылығы мен себептерін арнайы мамандар зерттеп жатыр. Айта кетейік, Нұрлан Сабыровтың шығармашылық қызметі Ресейдің медиа кеңістігінде бастау алып, кейіннен халықаралық деңгейге көтерілген болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар