Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Тың ақпарат… Туыстарымен сөйлестім”: Атырауда із-түссіз жоғалып кеткен отбасы жайлы жаңа дерек шықты

20:07, 09 ақпан 2026

Атырау облысында жұмбақ жағдайда із-түссіз жоғалып кеткен отбасыға қатысты іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Журналист Жанат Молдашова елді алаңдатқан оқиғаға байланысты желідегі парақшасында пікір білдіріп, оқырманның “Атыраудағы жоғалғандардан хабар бар ма? Күйеу бала қайда?” деген сұрағына былай жауап берді: 

“Елдің күні-түні сұрайтыны осы… Бірақ әзірге тып-тыныш. Кеше туыстарымен сөйлескенмін. Ол кісілер де бейхабар. “Құзырлы органдардан ақпарат күтіп отырмыз. Бәрі үнсіз” дейді. Әріптесім Руслан Өтепбай келіп кетті. Білесіздер. Енді сол әріптесімнің зерттеу материалдарынан қандай да бір тың ақпараттар күтпесек, әзірге басқа ешқандай бізде мәлімет жоқ”,- деді журналист.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар