Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әділ, әрі сенімді кепілгер керек»: Зеленский Абу-Дабидегі келіссөзде өз позициясын айтты

12:46, 08 ақпан 2026

Абу-Дабиде өткен кездесу барысында Украина мен Ресей соғысы хақында бірқатар маңызды мәселелерді талқылады, деп жазады Alash.kz. 

Украина Президенті Владимир Зеленский бұл келіссөздердің басты бағыттарына тоқталып, Құрама Штаттар тарапынан жасалған жаңа ұсыныстарды жария етті. Атап айтқанда, ресми Уашингтон тараптарға келесі аптада Маямиде кездесуді ұсынған, бұл бастаманы Украина жағы мақұлдағанымен, Ресей әлі де нақты шешім қабылдау үстінде.

Америкалық тарап қос мемлекетке энергетикалық инфрақұрылым нысандарына шабуыл жасауды тоқтату туралы кезекті ұсыныс тастаған болатын. Зеленский бұл шартпен Киевтің келісетінін, ал ресейлік делегация ақылдаса келе жауап беретінін айтқанын жеткізді. Сонымен қатар АҚШ әскери іс-қимылдарды алдағы маусым айына дейін толық тоқтатуды көздеп отыр. Осы мақсатта маусымға дейінгі кездесулердің кестесі мен соғысты аяқтаудың алғышарттарын іске асыру тетіктері әзірленуде.

Келіссөздердегі тағы бір маңызды тақырып Донбасс аумағында еркін экономикалық аймақ құру идеясына қатысты болды. Украина тарапы бұл бастаманы талқылауға дайын екенін, алайда ол үшін әділ әрі сенімді қауіпсіздік кепілдіктерінің берілуі басты шарт екенін мәлімдеді. Бұған қоса, АҚШ болашақта атысты тоқтату режимінің сақталуын бақылау процесіне қатысатынын растады. Дегенмен Еуропа елдерінің мониторингке атсалысуына қатысты әзірге ортақ мәміле қалыптаса қойған жоқ.

Сондай-ақ жиын барысында Беларусь мемлекетінің соғыстағы жауапкершілігі де сөз болды. Жаңа келісімге сәйкес, егер Беларусь аумағынан Украинаға қарай «Орешник» зымыраны қайта ұшырылатын болса, бұл ел қақтығыстың толыққанды қатысушысы ретінде танылады. Мұндай жағдайда Беларусь Ресеймен бірдей халықаралық жауапкершілікке тартылатын болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар