Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Анасы ауыр депрессияға түскен”: Таразда екі баласын бесінші қабаттан лақтырған әйел жайлы жаңа дерек шықты

20:31, 09 ақпан 2026

Тараз қаласында анасы бесінші қабаттың терезесінен кәмелетке толмаған екі баласын лақтырып жіберген. Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева болған балалардың қазіргі жағдайы туралы айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

«Тараз қаласында анасының кәмелетке толмаған балаларын 5-қабаттың терезесінен лақтырып жіберу фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Балалар Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді», – деді Динара Зәкиева.

Динара Зәкиева өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл ауруханаға барып, балалардың жағдайымен танысқанын айтты.

«Ұл баланың жағдайы қанағаттанарлық, ал қыз баланың жағдайы ауыр, сүйек сынықтары бар. Балалардың анасы бұған дейін ауыр депрессияға түскен. Бірақ аяғына дейін емделмеген», – деп жазды Динара Зәкиева.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар