Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Күнде-күнде той болсын!»: Роза Рымбаеваның немересі сахна төрінде халыққа бата берді (ВИДЕО)

19:38, 08 ақпан 2026

Қазақстанның Халық Әртісі Роза Рымбаеваның эстрадағы елу жылдық мерейтойына арналған есеп беру кешінде өнер иесінің немересі Зейін Оқапов сахнаға шығып, жиналған қауымға бата берді, деп жазады Alash.kz.

Концертте Роза Рымбаева жарты ғасырлық өнер жолын қорытындылап, көрермендерге өзінің ең таңдаулы шығармаларын ұсынды. Мерекелік кеште ел алдына шыққан бүлдіршіннің зеректігі мен тәтті тілі көрермендерді тәнті етіп, көпшіліктің ерекше ілтипатына бөленді.

Дастархан мол болсын,
Денсаулық зор болсын!
Бақыт үйде көп болсын,
Күнде-күнде той болсын!

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар