Белгілі әнші, рэпер Еңлік Қазақстанның Халық Әртісі Роза Рымбаевадан ерекше сыйлық алды, деп жазады Alash.kz.
Роза Қуанышқызының 50 жылдық есеп беру кешінде өнер көрсеткен Еңлікке Халық Әртісі сахналық көйлегін тарту етті. Бұл туралы жас әнші желідегі парақшасында қуана хабарлады:
«Мен бүгін Роза Қуанышқызы өмірімдегі ең күшті сыйлықты алдым. Ол маған өзінің көйлегін сыйға тартты».