Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қарағандыда алапат өрттен үш бала тірідей жанып кете жаздады

09:26, 27 сәуір 2025 267

Қарағанды облысында алапат өрттен үш бала тірідей өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды ALASH.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеп.

Ұландықтар өртеніп жатқан үйден балаларды құтқарып, ерлік танытты.

ҚР ІІМ Ұлттық ұланы 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшілері – Асхат Байсейітов, Қыдырбай Ерлан, Вячеслав Қожахметов және Михаил Бубнов Долинка кентіне қызметке бара жатып, тұрғын үйдің өртеніп жатқанын байқайды. Оқиға орнына шұғыл жеткен ұландықтар жанып жатқан ғимаратқа кіріп, іштен үш баланы шығарып алды.

Айта кету керек, әскери қызметшілер балаларды эвакуациялап қана қоймай, жанып жатқан үйден жарылыс қаупін тудырған 50 литрлік газ баллонды да алып шықты.

«Өртті көрген бойда бірден сол жерге жүгірдік. Балалар жылап жатыр екен, түтінге булығып, тыныс алу да қиындап кеткен. Жағдайды аңғарып, бір секунд та жоғалтпау керек екенін түсіндік. Біз үшін бұл әрекет батырлық емес – мұны бізге күн сайын үйретеді. Біз адамдарды қорғауға ант бергенбіз және кез келген жағдайда сол антқа адал болуға міндеттіміз», – дейді ұландықтар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар