Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қаңтарда» әкесінен, апатта анасынан айырылған жетім балаларға 100 мың теңгеден берілмек

12:06, 07 ақпан 2025 58

«Қаңтарда» әкесінен, апатта анасынан айырылған жетім балаларға 18 жасына дейін 100 мың теңгеден беріледі, деп хабарлайды  Alash.kz порталы Qaz365.kz порталына сілтеп.

 

Ақшаны Qazaq Stroy компаниясы бөледі:

«Қапелімде ата-анадан айырылып, жетім қалған төрт баланың тағдыры туралы білгенде Qazaq Stroy ұжымы қайғыдан шет қала алмады. Балаларының жағдайын жасаймын деп ақтық демі қалғанша арпалысып өткен Сая Есенгелдінің оқиғасы біздің де жанымызға батады. Қиын кезеңде бір-бірімізге қолдау көрсете білсек — ұлт ретінде мықтылығымыздың белгісі. Ауыр қайғыға душар болған балалар баспанасыз қалмасын дейміз. Отбасыға 95 шаршы метр болатын үш бөлмелі кең пәтерді сыйға тартуды шештік. Балалардың өз үйім деп қысылмай кіре алатын жылы, сенімді шаңырағы бар», - деп ақпарат таратты компания.

Еске сала кетейік, Қаңтар оқиғасы кезінде оқ тиіп қаза тапқан Еркебұлан Сыдықбаевтың әйелі жол апатынан қаза тапты. Оның соңында төрт баласы қалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар