Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Әйелін өлтіріп, сосын өзі өлген»: Астанада қоғамды дүр сілкіндірген оқиға орын алды

11:08, 16 қыркүйек 2026

Елордадағы «Шығыс» тұрғын үй кешенінде болған отбасындағы жанжал ерлі-зайыптылардың өлімімен аяқталды, деп хабарлайды Alash.kz.

КТК арнасының мәліметінше, Полиция департаменті 55 жастағы отағасы, әуелі әйелімен керісіп, кеуде тұсына пышақ салған деп ақпарат таратты. Келіншегін өлтіріп қойғанын білгеннен кейін, азамат өзіне қол салған.

Астана қаласының Полиция департаменті: 

— Ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал кезінде 55 жастағы ер адам 53 жастағы әйеліне пышақ жарақатын салған, кейін өзіне қол жұмсаған. Ауыр арақаттан екеуі де оқиға орнында көз жұмды. Қазір оқиғаның барлық себебі мен мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу жүргізілуде.

Тұрғын үй кешенінің тоғызыншы қабатында болған қайғылы оқиғадан кейін көршілері үрейленіп, далаға шығудан қорқып қалыпты. Полиция шақырған куәгер көршінің айтуынша, оқиға кеше түнде өрбіген.12 жастағы баланың сыртқа атып шығып шыңғырған дауысы көпшілікті елең еткізген. Кейін үйге беттеген кезде, пәтерінде қанжоса болып жатқан отбасы мүшелерін байқайды. Көрші-қолаңның айтуынша, бұл отбасы Шымкенттен жуырда көшіп келген. Бұған дейін оғаш әрекетімен көзге түспеген.

Анар Қожабаева, куәгер: 

— Кішкентай бала болған жоқ. 9-10 жасар бала болды. Қара іш киім киіп алған. Мен есіктегі тесіктен қараған кезде, есік ашылған кезде, үйінің іші көрінеді. Үйінде шыңғырып тұр екен, есік ашып. «Шымкенттік қазақпыз» деді. Әжесі мен атасын көріп тұрамын, менен кіші кісілер.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар