Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаңтар оқиғасына байланысты 300-ден астам адамға сот үкімі шықты

10:05, 02 маусым 2022 356
[ad_1]



Қазақстанда Қаңтар оқиғасына байланысты 331 адамға сот шешімі шыққан, 500-ден астам адам күдікті ретінде қамауда отыр. Бас прокуратура өкілі Елдос Қилымжанов 1 маусым күнгі брифинг кезінде осылай деп мәлімдеді.

"Жалпы елде Қаңтар оқиғасына байланысты 5 065 сотқа дейінгі тергеу амалы тіркелген. 514 күдікті сот санкциясымен қамауда отыр" деді Елдос Қилымжанов.

Оның сөзіне қарағанда, 337 қылмыстық іс сотқа жіберілген.

Бас прокуратура өкілі сәрсенбілік брифинг кезінде 4 қаңтарда Алматыда болған оқиғаға тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, сол күні кешкі сағат 6 мен 8 аралығында азаматтар қаланың батысында – "Алматы Арена" спорт кешеніне, шығысында "Халық Арена" стадионы маңына жиналған. Қилымжановтың айтуынша, кешкі 9-дар шамасында "ұйымдасқан" екі топ бір мезетте "қала әкімдігіне қарай жылжи бастаған".

"Абай, Төле би көшелері бойымен жүрген топ жүріп келе жатып өздеріне адамдарды тартқан, таяқ, тас, арматурамен қаруланған. WhatsApp және Telegram арқылы топтар бағытын үйлестіріп, жылжып отырған. Санаулы сағаттың өзінде бір мессенжер тобындағы адамдар саны 140-тан 5 500-ге дейін көбейді. Нәтижесінде түн жарымында әкімдік алдындағы орталық алаңға жаңа айтылған орындардан ондаған мың адам жиналды" деді Қилымжанов.

Оның айтуынша, "ашулы топ алаңдағы ғимараттар мен мүліктерді, тұрақтағы көліктерді де талқандап, өртей бастаған. Бүлікке қатысқандар полиция қызметкерлері, әскерилерге шабуыл жасап, жолды жапқан, көлік құралдарын өртеп, адамдарды тәртіпсіздікке, тонауға бейімдеген". Қилымжанов сонымен бірге қару-жарақ дүкендерінің тоналғанын, бақылау камераларының жойылғанын айтты.

  • Қаңтардың басында елде сұйытылған газ бағасының қымбаттауына байланысты митинг өтіп, наразылықтың соңы қантөгіске ұласқан. Билік шетелде дайындықтан өткен "террористер шабуылы" туралы айтты, бірақ оған дәлел-айғақ келтірген жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күштік құрылымға ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін мәлімдеді. Ол сонымен бірге елде билікті күшпен басып алу талпынысы болғанын айтып, алайда оны кім ұйымдастырғанын нақтыламады.



  • Ресми дерек бойынша, Қаңтар оқиғасында 230 адам қаза болды. Бұған қоса, оқиға кезінде ұсталған тағы сегіз адамның тергеу изоляторында көз жұмғаны белгілі болды. Билік қоғам талабына қарамастан опат болғандардың есімін және олардың қандай жағдайда қаза болғаны жайлы ақпаратты жарияламады.

  • Қаңтар оқиғасы кезінде және одан кейін мыңдаған азамат ұсталып, жүздеген адамға "терроризм", "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру", "заңсыз қару-жарақ сақтау" секілді айыптар тағылды. Қамауда болғандардың арасында азапталғанын айтып шағымданғандар көп, бірақ оларды азаптау фактісі бойынша ұсталғандар некен-саяқ.

  • Қаңтар оқиғасынан кейін қамауда болған жүздеген адам өздерінің азапталғаны жайлы айтып, 234 іс қозғалған. Алайда, әзірге күштік құрылымның тек 11 өкілі күдікті деп танылған.




[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар