Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қажырлы еңбек! Мақтан етеміз!”: Сүйінші! Аймағамбетов бар қазақты қуантатын жаңалығын бөлісті

13:48, 02 қараша 2025 1239

Еліміздің дарынды оқушылары Панама қаласында өткен әлемдік робототехника чемпионатында төрт дүркін әлем чемпионы атанды. Қуанышты жаңалықты Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов желідегі парақшасында сүйіншіледі, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

“Қазақстан – робототехникадан төрт дүркін әлем чемпионы!

FIRST Global Challenge 2025 жеңімпазы – біздің оқушыларымыз!

Керемет жаңалық! Қазақстан командасы биыл Панама қаласында өткен әлемдік робототехника олимпиадасында тағы да топ жарды. Бұл – төртінші чемпиондық! Бұған дейін біз жеңісті Женевада, Сингапурда және Афинада еншілеген едік.

Бұл жеңіс – оқушылардың, ұстаздардың, тәлімгерлер мен ата-аналардың қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Министрлікте қызмет еткен жылдары робототехника кабинеттерін ашып, хакатондар мен жарыстар өткіздік, IT-лицейлер құрдық, мектептерді цифрлық жабдықтармен қамтамасыз ету нормативтеріне робототехниканы енгіздік. Бұл жұмысты қазір жақсы жалғасып келеді.

Ерекше алғыс – USTEM Foundation жетекшісі Асылбек Мурзахметовке 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық білім беруге ерекше мән беріп отыр. Мектептерде бағдарламалау, 3D модельдеу секілді бағыттардың дамуына үлкен қолдау көрсетілуде.

Бұл жеңіс – біздің еліміздегі білім мен технологияның болашағының жарқын екенінің дәлелі. 

Балаларымызды мақтан етеміз! 
Алға, Қазақстан!”,- деп жазды Асхат Аймағамбетов.


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар