Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Полиция дабыл қақты: Семейде екі бала жоғалып кетті

10:31, 18 маусым 2026

Семейде 17 маусым күні кешке жоғалып кеткен екі бала іздестірілуде. Абай облысының полициясы ауқымды іздестіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарды кез келген ақпаратты хабарлауға шақырды, деп хабарлайды Alash.KZ

Абай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 17 маусым күні сағат 20:00 шамасында 14 жастағы Рақымжан Үкіртайұлы мен 8 жастағы Әлихан Қайратов Семей қаласындағы Восточный кенті маңында болған. Осыдан кейін балалармен байланыс үзілген, қазіргі уақытқа дейін олардың қайда екені анықталмаған.

«Полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын ұйымдастырды. Жеке құрамға бағдар беріліп, кәмелетке толмағандардың болуы мүмкін орындары тексерілуде, аулаларды аралау және жақын маңдағы аумақтарды тексеру жұмыстары жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Полиция Семей қаласының тұрғындарынан балаларды іздеуге көмектесуді сұрады.

Егер сіз кәмелетке толмағандардың қайда жүргенін білсеңіз немесе оларды табуға көмектесетін қандай да бір ақпаратқа ие болсаңыз, дереу 102 нөміріне немесе 8-747-310-67-30 телефонына хабарлауыңызды сұраймыз.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар