Былтырдан бері Қазақстан біргей уақыт белдеуіне ауысты. Алайда кейбір аумақ тұрғындары бұл өзгеріске көңілдерінің толмайтынын айтып жүр, деп хабарлайды Alash.KZ.
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев та бірегей уақыт белдеуінің кемшіліктерін жіпке тізіп шығыпты.
"Жыр болған сағат белдеуі… Үкімет мүшелері бүлк те, былқ та етпейді. Одан қала берді кеше сауда және интеграция министрі 3 жыл зерттеу керекпіз деп қалды. Біз не олар үшін “подопытный кролик” болғанымыз ба?! Басқасы басқа, дәл ШЫҒЫС өңіріндегі ХАЛЫҚҚА сағаттың ауысуы өте қолайсыз, әрі қателік болды. Ал бұны ҮКІМЕТ мүшелері мойындап, бұрынғы уақытты қайтару керек деп санаймын!!!
Шығыстық оқырмандарым, Семейлік жерлестерім не дейсіздер? Уақыт жайлы пікір қалдыра отырыңыз" деп жазыпты өзінің парақшасына мәжілісмен.