Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Білім сапасын арттыру… Жұмысты бастадық”: Оқу-ағарту министрі ұстаздарды қуантатын жаңалығын бөлісті

20:22, 22 шілде 2026

Қазақстанда бастауыш сыныптарда бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) мен тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) алынып тасталады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Министрдің айтуынша, қазіргі бағалау жүйесі бастауыш сынып мұғалімдеріне айтарлықтай жүктеме түсіріп отыр.

Жұлдыз Сүлейменованың сөзінше, өткен аптада еліміздің түкпір-түкпірінен бастауыш сынып мұғалімдерінің қатысуымен осы мәселеге арналған талқылау өткен. Кездесу барысында педагогтер бұл бастаманы қолдайтындарын білдірді.

“Мәселен, бастауыштың 2 сыныбындағы БЖБ мен ТЖБ-ның саны шамамен 54. Бастауыш мұғалімі бір жыл бойы осы БЖБ, ТЖБ өткізу үшін шамамен 4 мыңға жуық ақ қағаз жұмсайды. Ал осы қағаздарды тексеруге орташа есеппен 112 сағат уақыты кетеді. Біз енді балалардың когнитивті дамуын күшейтетін, бала өз қолымен жазатын диктант, математика бақылау жұмыстарын қарастырып отырмыз. Біз БЖБ және ТЖБ жұмыстарын бастауыш сыныптардан алып тастау бойынша жұмысты бастадық", – деді Жұлдыз Сүлейменова. 

Осы бастама аясында Оқу-ағарту министрлігі №125 бұйрыққа өзгерістер енгізіп жатыр.

“Біз балалар үшін қолайлы, мұғалімдер үшін тиімді әрі білім сапасын арттыруға бағытталған жаңа бағалау жүйесін енгізуді қарастырып отырмыз. Бұл балалардың функционалдық сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді”, – деді министр.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар