Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстандық әнші Ақерке Амалят «Славян базары» байқауында бірінші орын алды

12:36, 22 шілде 2026

Қазақстандық әншілер Ақерке Амалят пен Жасмина Түзелова XXXV «Витебскідегі Славян базары» халықаралық өнер фестивалі аясында өткен ән байқауларында жүлдегер атанды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Ақерке Амалят «Витебск-2026» XXXV халықаралық эстрадалық ән орындаушылар байқауында І орынды жеңіп алды. Екі күнге созылған байқау қорытындысы бойынша өнерпаз 134 ұпай жинады. Биылғы додаға 19 елдің орындаушылары қатысты. 

Қазақстан қоржынына тағы бір жүлдені 13 жастағы Жасмина Түзелова салды. 

Жас өнерпаз «Витебск-2026» XXIII халықаралық балалар ән байқауында ІІ дәрежелі диплом иегері атанып, жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетті. Жасмина Түзелова авторлық ән жазуға арналған арнайы сертификатқа да ие болды. Бұл марапатты халықаралық қазылар алқасының мүшесі, латвиялық композитор Гайтис Лазданс тағайындады.

Эстрадалық ән орындаушылардың халықаралық байқаулары дәстүрлі түрде «Витебскідегі Славян базары» фестивалі аясында өткізіліп, әр елден келген жас өнерпаздардың басын қосатын беделді алаңға айналған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар