Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Туған анасына қатты ұқсайды… Басқа сәбимен шатастырып жіберген”: Жәнібектің туған анасы жайлы тың дерек шықты

17:09, 22 шілде 2026

Торғай өңірінде дүниеге келіп, кейін шетелдік отбасы асырап алған Жәнібек (Jani Saveliev) туралы жаңа дерек белгілі болды, деп жазады Alash.kz.

Жәнібек желідегі парақшасында жазба жариялап, биологиялық анасына қатысты тың мәліметпен бөлісті.

“Қазір анамды іздеу туралы көп нәрсе айта алмаймын, өйткені бұл іспен ресми адвокат айналысып жатыр. Бірақ іздеуімізді Америкада жалғастыруымыз мүмкін сияқты.

Мүмкін, мені туған перзентханада америкалық отбасы асырап алған басқа бір сәбимен шатастырып жіберген болуы мүмкін. Бұл туралы келесі жазбаларымда толығырақ айтып беремін”, – деп жазды Жәнібек.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жәнібек биологиялық анасын іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын айтқан болатын.

"Сәлеметсіздер ме, қадірлі отбасым мен достарым. Сіздермен жүрекжарды жаңалығымды бөліскім келеді. Қымбат Досжан мен Мейірман Шекеева және тағы басқа жанашыр адамдармен бірге анамды іздеуді әлі де жалғастырып жатырмыз. Бұл іздеудің қанша уақытқа созылатынын нақты білмеймін. Мүмкін ұзаққа жалғасар, мүмкін күтпеген жерден жақын арада жақсы жаңалық болар. Соңғы уақытта бізге үміт сыйлайтын бірнеше іздер кездесті. Мен күн сайын сіздерді де, анамды да ойлаймын. Баршаңызға тек жақсылық тілеймін", – деп жазды Жәнібек.

Сондай-ақ бұған дейін Жәнібектің биологиялық анасы туралы жаңа дерек мәлім болған еді.

"Торғай топырағында туып, шетел асқан Жәнібектің туған анасы болуы мүмкін азамат туралы хат келді. Хатта айтылған дерек Жәнібектің мәліметіне сай келеді. ДНҚ тестін тапсырса, нәтижесін Қымбат Досжан айтады", - деп жазылған Қазақ радиосы таратқан мәліметте.

Хат мазмұнына сәйкес, оның туған анасы болуы мүмкін әйел 2002 жылдары Моңғолиядан Арқалық қаласына оқуға келген. 

"Бұл ақпараттың Жәнібекке қатысы бар ма, жоқ па, нақты білмеймін. Бірақ бір ақпаратым бар. Менің туған қайын әпкем Моңғолия мемлекетінен 2002 жылы Арқалық қаласына оқуға келген. Сол кезде ол кісінің аяғы ауыр болған екен. Оны ешкімге, тіпті елінде қалған әке-шешесіне де айтпаған. 2002 жылы 17 ақпанда немесе қаңтарда аман-есен босанып, дүниеге ұл бала әкеліпті. Арқалықта ешқандай туысы болмаған соң, бір жағынан өзі студент болғандықтан, баланы перзентханаға қалдырып кетеді. Өз қолымен "өз еркіммен бас тартамын" деп қолхат жазып беріп кетіпті. Қазір сол бала қайда екенін іздейді. Кейде Жәнібекті әлеуметтік желіден немесе теледидардан көргенде өзіне қатты ұқсатады. "Жәнібек менің балам ба?" деп ойлайды. Осы бойынша ДНҚ тапсырғысы келеді", - деп жазылған хатта.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар