Жастар аста-төк тойдан бас тартып жатыр. Жас келін Айдана Қожанова өзінің басынан өткен оқиғасымен бөлісіп, көпшілікті сүйсінтті, деп хабарлайды Alash.KZ сайты POLITICO.KZ порталына сілтеме беріп.
Айтуынша, тұрмысқа шыққанда қарапайым той жасаған. Осылайша жастар арасуында жаңа тренд пайда болды. Олар дүркіреген аста-төк тойдан жаппай бас тарта бастаған.
«Біз өте қарапайым той жасап үйлендік. Менде үлкен ұзату той болмады. Күйеуім 3 адам болып келді, ал біз 8 адам болдық. Кішігірім сырға салу болды», - деп жазды жас келін.
Айтуынша, тіптен қалың мал, мәһір дегендер де болмаған. Оңтүстіктің қызы болса да, ол ата-анасын, туыстарын көндірген.
«Ешқандай қалың мал, жасау, киіт сияқты шығындар болған жоқ. Өзім қайнап тұрған салт-дәстүр ұстайтын Оңтүстіктің тумасымын,ештеңеге қарамай ата-анамызға өзіміздің қалауды жасаттық. Күйеуім үйінде 40-50 адамға беташар-той есебінде өткізіп құтылдық. Ешқандай дүркіреген үлкен той болған жоқ. Артық шығын жасамай қосылдық, есесіне үйлі болдық», - дейді Айдана.
Оның бұл жазбасын желі қолданушылары қолдай кетті.
«Өте дұрыс, өз ойы бар жастар көбейгені қуантады. Артық кредит, киітке бола ұрыс-керіс те жоқ. Бақытты болыңдар. Мұндай жастар жақсы тұрады деп сенемін», «Мен де осыны қолдаймын, қазақ беталды шашылудан әлемде бірінші орында ғой», «Артық шығын не керегі бар есесіне үйлі болдыңыздар», - деп жарыса жазды оқырмандар.
Оңтүстіктің жастары аста-төк той жасаудан неге бас тартып жатыр?

"6 миллиард теңге" - Қытайлық компания қазақстандық шенеуніктерге16 жыл бойы пара беріп келген
16:46, 18 қазан 2025 300
"Тоғызыншы соғысым болады" - Трамп Украина мен Ресей соғысын тоқтата ала ма? (Видео)
14:13, 18 қазан 2025 221
"270 адам" - Украинадағы соғысқа Ресей жағынан қатысқан қазақстандықтардың тізімі жарияланды
11:00, 18 қазан 2025 1167
"Дәрігерлер кінәлі" - Түркістан облысында төрт жасар бала комаға түскен (ВИДЕО)
10:25, 18 қазан 2025 106
Нұрбол Назарбаевтың үстінен өзгенің бизнесін рейдерлік басып алу ісі қайта қаралып жатыр
20:20, 17 қазан 2025 460
“Аңшылық кезінде жазатайым оқ тиген” - Мойынқұмдық 13 жасар баланың қазасы туралы тың дерек шықты
16:08, 17 қазан 2025 313
Шұғыл хабар: Экс-президенттің баспасөз хатшысы Сара Назарбаеваның қазіргі жағдайы туралы айтты
14:27, 17 қазан 2025 359
“Алкоголь сатуға толықтай тыйым салу керек”. Сенатор маңызды бастама көтерді (ВИДЕО)
13:01, 17 қазан 2025 613
«Алматы Тазалық» қызметкерлерінің саны екі есе артты, жалақысы 55%-ға дейін өсті
12:04, 17 қазан 2025 172
“Соғысты тоқтатамыз”. Трамп пен Путин кездесетін болды. АҚШ президенті шұғыл мәлімдеме жасады
10:26, 17 қазан 2025 349